НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемдегі үздік теннисшілердің жаңартылған рейтингісін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина дүниежүзілік рейтингіде 19-дан 18-орынға көтерілді.
Юлия Путинцева бірден жеті саты жоғарылап, 44-орынға жайғасты. Зарина Дияс 116-сатыда келеді.
Жұптық сында Анна Данилина 21-сатыда болса, Шымкенттегі ITF W15 жарысында жеңіске жеткен Жібек Құламбаева 300-орынға шықты. Гөзал Айнитдинова 423-орында.
Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик те көрсеткішін жақсартып, 33-тен 32-ге жоғарылады.
Михаил Кукушкин 167-ден 164-ке, Дмитрий Попко 171-ден 169-ға көтерілді. Тимофей Скатов 194-інші, Денис Евсеев 345-інші, Бейбіт Жукаев 510-орында тұр.
Жұптық сында Андрей Голубев 26-ыншы, Александр Недовесов 60-ыншы, Григорий Ломакин 243-сатыда келеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).