НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина Бухарест WTA турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілікрейтингте 106-орында тұрған Е.Рыбакина алғашқы айналымда әлемнің 116-ракеткасы,испаниялық Паула Бадоса Хибертпен кездесті.
Тартысты өткенматчта қазақстандық теннисші 7:5, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті.
Е.Рыбакиина екіншіайналымда румыниялықтар, осы турнирдің бесінші, әлемнің 81-ракеткасы СоранаКырстя немесе рейтингте 210-сатыдағы Жаклин Адина Кристианның біреуіменкездеседі.
Жүлде қоры226 750 АҚШ долларына бағаланған Бухарест турнирі 21 шілдеде мәрегежетеді.
Ескесала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкин әлемдік рейтингте 45-орынғакөтерілген болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).