НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина Страсбург турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы жарыстың 5-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда рейтингте 84-орында тұрған жапониялық Нао Хибиномен кездесті.
Е.Рыбакина 6:3, 6:4 есебімен екі сетте жеңіске жетті.
Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды.
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 5-ракеткасы, украиналық Элина Свитолина немесе рейтингте 12-сатыдағы Беларусь өкілі Арина Соболенконың біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ролан Гаррос» турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).