Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Team Kazakhstan академиясының түлегі Ерасыл әуелі жұптық сында қазақстандық Виталий Зацепинмен бірге үздік шықты.
Қазақстандық жұп финалда ресейліктер Макар Елесин - Даниил Степановты ұтты - 6:3, 6:3.
Содан кейін Ерасыл жекелей сында Д.Степановты айқын басымдықпен жеңді - 6:1, 6:2.
Осылайша, Қызылорда қаласында туып-өскен Е.Ерділдә ITF додаларындағы бесінші титулына қол жеткізді.
Сондай-ақ Францияның Дижон қаласында төртінші санаттағы ITF Juniors жарысында Зара Дәркен жұптық сында жеңімпаз атанды. Ол украиналық Анастасия Фирманмен бірге соңғы бәсекеде украиналықтар Серафима Бобровникова - Стефания Пушкарьды тізе бүктірді - 7:5, 6:3.
Ереван қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe турнирінде Асқар Әмір өзінің халықаралық жарыстағы алғашқы трофейіне ие болды. Ол финалда ресейлік Павел Яромскиймен бірге ресейліктер Филипп Смирнов - Аркадий Вахлиннен басым түсті - 6:2, 6:7 (2:7), 10:7.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.