Еске сала кетейік, Кукушкин өткен аптада Британияның Истбурн қаласында өткен турнирде Ұлыбританияның бірінші ракеткасы Кайл Эдмундты (АТР рейтингінде - 18) жеңіп, жартылай финалға дейін барған болатын. Бұл Михаилдың әлемдік рейтингте бірден 13 саты жоғарылап, 77-орынға тұрақтауына мүмкіндік берді.
1 (2). Рафаэль Надаль (Испания) - 8770 ұпай
2 (1). Роджер Федерер (Швейцария) - 8720
3 (3). Александр Зверев (Германия) - 5755
4 (4). Хуан Мартин дель Потро (Аргентина) - 5080
5 (6). Марин Чилич (Хорватия) - 5060
6 (5). Григор Димитров (Болгария) - 4780
7 (7). Доминик Тим (Австрия) - 3835
8 (8). Кевин Андерсон (ОАР) - 3635
9 (9). Давид Гоффен (Бельгия) - 3110
10 (10). Джон Изнер (США) - 3045...
77 (90) Михаил Кукушкин (Қазақстан) - 734
Айта кетейік, бүгін басталатын Уимблдон турнирінде Михаил Кукушкиннің алғашқы қарсыласы канадалық Вашек Поспишил (97) болады.