Қазақстандық Юлия Путинцева екінші айналымда АҚШ атынан шыққан 17 жастағы теннисші Усуэ Мэйнтэйн Арконадамен тартысты кездесу өткізді.
Бірінші сетте 6:4 есебімен ұтқан және екінші партияда да 4:2 есебімен алда тұрған Путинцева қатарынан 4 гейм ұтылды. Шешуші сетте Арконада брейкпен есепті 3:2 жеткізді. Бірақ басымдықты ұстап тұра алмай, есеп 3:3 болып теңесті. Тоғызыншы геймде (бұл кезде есеп 4:4 болатын) Юлияның қарсыласы жеңіске бір табан жақын болды. Бірақ, Юлия үш допты қатарынан ұтып, тойтарыс берді. Келесі геймде қарсыласына мүмкіндік бермеген Путинцеваның жолы болды. Матч қорытындысы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен Путинцеваның пайдасына шешілді. Кездесу 2 сағат 20 минутқа созылды. Риса Одзаки (Жапония) - Наоми Броуди (Ұлыбритания) кездесуінің жеңімпазы Путинцеваның келесі қарсыласы болмақ.
13:20, 21 Шілде 2016
Теннисші Путинцева Вашингтондағы турнирдің ширек финалына өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ астанасында жүлде қоры 250 000 АҚШ долларын құрайтын әйелдер арасындағы Citi Open турнирі жалғасуда, деп хабарлайды Sports.kz.