Теннисші Тимофей Скатов Испаниядағы жарыстың жартылай финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық, әлемнің 250-ракеткасы Тимофей Скатов Севилья (Испания) челленджер жарысының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 971-орында тұрған Польша өкілі Ежи Яновичпен шеберлік байқасты.

Т.Скатов 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта қазақстандық спортшы эйс жасамағанымен, 15 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Поляк теннисшісі 5 эйспен ғана көзге түсті.

Тимофей Скатовтың жартылай финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Испаниядағы турнирдің ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Astana Open ATP 500 турнирінде ойнайды.