Теннисші Тимофей Скатов Италиядағы турнирдің финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық, әлемнің 209-ракеткасы Тимофей Скатов Парма 2 (Италия) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 184-ракеткасы, италиялық Джанлука Магермен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Тимофей тай-брейкте басымдылық танытты - 7:6 (7:5).

Екінші сетте қарқынын тіпті үдетті - 6:2.

Бір сағат 37 минутқа созылған кездесуде Т.Скатов 3 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгел пайдаланды.

Тимофей Скатов финалда чехиялық Вит Коприва немесе словакиялық Йозеф Коваликпен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннисші Тимофей Скатовтың Италиядағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Чехиядағы ірі жарыстың жартылай финалына шықты.

Астана турнирінде жартылай финалда Новак Джокович пен Даниил Медведев кездеседі.