Теннисші Я.Шведова Истборнда іріктеудің екінші кезеңіне өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық Истборнда әйелдер арасындағы WTA сериясындағы теннис турнирі басталды, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандық Ярослава Шведова бірінші кезеңдегі матчта АҚШ өкілі Луиза Чириконы  6:3, 6:1 есебімен жеңді.

Финалға шығу үшін Шведова бельгиялық Алисон Ван Уйтванкпен сайысқа түседі.