Теннисші Ярослава Шведова «Құрмет» орденімен марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстан туының астында өнер көрсетіп жүрген 29 жастағы мәскеулік Ярослава Шведова ең жоғары мемлекеттік наградалардың бірі - «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz-қа сілтеме жасап.

«Еңбегімнің еленгеніне алғыс білдіремін және мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегім үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықтың нығаюына қосқан ерекше үлесім үшін «Құрмет» орденімен марапатталғанымды мақтан етемін. Қазақстанның теннис федерациясын теннисті дамытуға қолдауы мен көмегіне алғыс айтамын», - деп жазды әлемнің 37-інші ракеткасы Instagram-дағы өзінің жеке парақшасында.