Теннисші Юрий Щукин «Siemens Open» Челленджер сериясы бойынша турнирдің ширек финалына өтті

None
АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Гүлнар Жандағұлова/ - Қазақстандық теннисші Юрий Щукин (АТР 145 көрсеткіші) Голландияда «Siemens Open» Челленджер сериясы бойынша турнирдің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Бельгиялық Кристоф Влиген екінші айналымда бірінші ойында Юрий Щукинге 4:6 есебімен ұтылып қалып, денсаулығым сыр беріп тұр деп, ойынды жалғастырудан бас тартты. Осының арқасында, ширек финалда қазақстандық спортшы кортта Польшадан келген Жерзи Яновичпен кездеспек.