«2018 жылғы маусым аяқталып қалды. Жыл оқиғалар мен қызықты матчтарға толы болды. Әрине, оңай тимеген сәттер де болды, бірақ олардан өте алдым. Барлығы сіздердің қолдауларыңыздың арқасы», - деп жазды ол Инстаграмдағы парақшасында.
Бұдан басқа, спортшы өзінің командасы, отбасы және достарына алғысын білдірді. «Сенімдеріңіз мені жаңа қадамдарға итермелеп отыр. Аздап демалған соң, жаттығуларыма және 2019 жылдың жаңа маусымына дайындыққа кірісемін», - дейді Зарина Диас.