Ширек финалда Дияс турнирдің жетінші ракеткасы қытайлық спортшы Кванг Вангті - 6:4, 1:6, 6:1 есебімен жеңді.
Жартылай сында қазақстандық теннисші өзінің бұрынғы жерлесі, қазір Ресей құрамасына қайта ауысқан Ксения Первакпен кездеседі. Ол ширек финалда қытайлық Ю-Фан Хуны - 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірген болатын.
Айта кетейік, турнирдің жалпы сыйақы қоры 50 мың АҚШ долларына тең.