Теннисші Жібек Құламбаева Алматыдағы халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Жібек Құламбаева жұптық сында ресейлік Екатерина Яшинамен бірге жартылай финалға шықты.
Ж.Құламбаева мен Е.Яшина ширек финалда ресейліктер Виктория Михайлова – Яна Карповичті тізе бүктірді – 3:6, 6:1, 10:6.
Қазақстандық-ресейлік жұп финалға шығу үшін үндістандықтар Чаудхари Вайдехи – Шривали Бхамадипатимен таласады.
Жібек жекелей сында да сәтті өнер көрсетуде. Ол екінші айналымда грузиялық Зоза Кардаваны ұтты – 6:0, 3:6, 6:3.
Ж.Құламбаева ширек финалда ресейлік Анастасия Золотаревамен шеберлік байқасады.
Өкінішке қарай, Дана Байдәулет пен Гөзал Айнитдинова ширек финалға өте алмады. Дана ресейлік Екатерина Маклаковаға 4:6, 2:6 есебімен есе жіберсе, Гөзал Беларусь өкілі Дарья Хомутянскаядан аса алмады – 2:6, 6:1, 0:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шыға алмағанын жазған болатынбыз.
Қазақстан теннисшілері АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына өтті.
Сондай-ақ қазақстандық теннисші Таиландтағы жарыстың ширек финалына шықты .
Фото: ktf.kz