Қазақстандық теннисші Ресей спортшысы Дарья Лодиковамен жұп болып, белгиялық дуэт Челси Ванхотт — Сабина Дадачиуді екі сетте 6:3, 6:0 есебімен жеңді.
Енді Жібек Құламбаева финалда Лодиковамен бірге швед-грекиялық дуэт – Жаклин Кабай Авад және Марта Матуламен кездеседі.
Айта кетейік, Ж.Құламбаева қазіргі уақытта Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде жекелей сында 446-орында тұр.
Фото: Sports.kz