Теннистен ӘЧ: Қазақстан құрамасы Аустралияға жол берді
Испанияның Севилья қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы жеті дүркін әлем чемпионы Аустралиядан ұтылды, деп хабарлайды Kazinform.
Шешуші, жұптық бәсекеде кортқа Анна Данилина – Юлия Путинцева және Сторм Хантер – Эллин Перес шықты.
Бірінші партияда аустралиялық жұп айқын басымдылық көрсетті – 6:1.
Қазақстандықтар екінші сетті де брейк жасап, сәтті бастағанымен, сол қарқынды жалғастыра алмады. Дегенмен бұл партияға тағы бір брейкпен нүкте қойды – 6:4.
Супер тай-брейкте аустралиялық дуэт жеңісті жұлып алды – 10:5.
Жалпы есеп – 2:1, Аустралияның пайдасында.
Ертең Қазақстан құрамасы Словениямен шешуші матч өткізеді. Словения бұған дейін Аустралияны 2:1 есебімен тізе бүктірген еді. Сондықтан қазақстандықтарға словениялықтарды 3:0 есебімен жеңуі керек. Сонда ғана жарысты жалғастыра алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионатында Аустралиямен матчта Юлия Путинцеваның таразы басын теңестіргенін жазған болатынбыз.
Александр Недовесов Болгариядағы жарыстың жартылай финалына шықты.