АСТАНА. ҚазАқпарат – Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңі топтық бәсекесінің алғашқы күні мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық жасөспірімдер А тобында қытайлық Тайбэй мен Жаңа Зеландияны 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстан – Тайбэй – 2:0.
Ева Корышева – Лин Ю Чен 7:5, 6:0;
Еркежан Жаңатаева – Джи Хан 6:1, 3:6, 6:3.
Қазақстан – Жаңа Зеландия – 2:0.
Ева Корышева – Яшвитта Тумалла 6:1, 4:6, 6:3;
Сәбина Шухратова – Уна Мисич 6:1, 3:6, 6:2.
Ертең Қазақстан жасөспірімдер құрамасы осы топтың бірінші ракеткасы болып тіркелген Аустралия командасымен кездеседі. Сол матчта қай команданың ¼ финалға бірінші орынмен шығатыны белгілі болады. Қос құрама да плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).