АСТАНА. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында теннистен әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің ширек финалында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Тайбэймен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан жасөспірімдері В тобында соңғы ойында Азиядағы мықты құрамалардың бірі – Жапониямен шеберлік байқасты. Бұлардың екеуі де күні бұрын ширек финалға жолдама алған-ды.
Қазақстандықтар тартысты матчта 0:2 есебімен есе жіберді. Ариана Гогулина 2,5 сағатқа созылған бәсекеде Ямомото Хикариге жол берді – 6:3, 5:7, 3:6.
Полина Слепцова Шихо Тцуджиокиден ұтылды – 6:7 (5:7), 4:6. Бірінші партияда Полина 2:5 есебімен жеңіліп жатып, таразы басын теңестірді. Дегенмен тай-брейкте сәттілік жетіспеді.
Осылайша, жеребе қорытындысына сәйкес Ярослава Шведованың шәкірттері ширек финалда қытайлық Тайбэй құрамасымен ойнайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдерінің іріктеу турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Александр Бублик Франциядағы турнирдің екінші айналымына шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).