ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Шымкент қаласында теннистен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Билли Джин Кинг кубогі Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің топтық бәсекелері мәресіне жетті.
Қазақстан А тобында үшінші кездесуінде Азиядағы мықты командалардың бірі - Жапонияға жол берді - 0:3.
Осылайша, қазақстандықтар өз тобынан екінші орынмен ширек финалға шықты.
Жеребе қорытындысы бойынша Ярослава Шведованың шәкірттері 16 мамыр күні Аустралия командасымен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Хорватиядағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Александр Бублик жұптық сында Рим мастерс турнирінің жартылай финалына өтті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).