ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Дэвис кубогі Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Қазақстан құрамасы А тобында кеше Өзбекстан құрамасын 3:0 есебімен ұтса, бүгін Малайзияны ойсырата ұтты — 3:0.
Алдымен Даниэль Тазабеков 46 минутқа созылған матчта Абибке бірде-бір гейм берген жоқ — 6:0, 6:0.
Заңғар Нұрланұлы Девашты тас-талқан етіп жеңді — 6:1, 6:0.
Жұптық сында Д. Тазабеков — Дамир Жалғасбай қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырған жоқ — 6:0, 6:2.
Сәрсенбі күні Сергей Квактың шәкірттері Қытай құрамасымен ойнайды.
Қытайлықтар да ширек финалға мерзімінен бұрын жолдама алды. Аталмыш матчта А тобынан қай команданың бірінші орынмен шығатыны шешіледі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Германиядағы турнирдің 1/8 финалына өткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).