Теннистен Азияның командалық біріншілігінде қазақстандық қыздар жеңімпаз атанды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның жас теннисші қыздары ITF Asian 12&Under Team Championships турнирінде бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Теннис федерациясына сілтеме жасап.

Астанада өткен командалықжарыстың финалында қазақстандық қыздар Кореядан келген қарсыластарын жеңді. Қыздарарасынан үшінші орынды Малайзия командасы иеленді.

Ұлдар арасындаөткен турнирде Үсндістан командасы бірінші орында. Екінші орынды Қытайдың Тайбэйкомандасы алды. Үшінші қазақстандықтаниеленді.

Еске сала кетсек,12-19 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық теннис орталығында 12жасқа дейінгі балалар арасында теннистен Азияның командалық біріншілігі өтті (ITFAsian 12&Under Team Championships 2019). Жарысқа Йемен, Ливан, Өзбекстан, Гонконг, Корея,Непал, Тайланд, Малайзия, Шри-Ланка, Индия, Филиппин, Индонезия және Тайваньспортшылары қатысты.

Соңғы жаңалықтар