АСТАНА. KAZINFORM – Лондон қаласында Дэвис кубогы Бірінші әлемдік тобы матчтарының жеребесі тартылды.
Қазақстан құрамасы сырт алаңда Оңтүстік Кореямен кездеседі.
Матч 12-13 немесе 13-14 қыркүйек күндері өтеді. Корт иелері ойын өтетін қала мен дәл уақытын кейін белгілейді.
Жеңімпаз құрама келесі командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алады.
Бұл қос команданың үшінші кездесуі болмақ. Есеп әзірге тең – 1:1. 2007 жылы Корея өз алаңында қазақстандықтарды 5:0 есебімен ұтқан еді. Арада үш жыл өткенде, Қазақстан құрамасы өз алаңында дәл сондай есеппен қарымта қайырды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Индиан-Уэллс турнирінде Юлия Путинцеваның жұптық сында екінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).