АСТАНА. KAZINFORM — Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобындағы плей-офф матчында өнер көрсететін Қазақстан құрамасы анықталды.
Чхунчхон қаласында 12-13 қыркүйекте Оңтүстік Корея мен Қазақстан құрамасы шеберлік байқасады.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Юрий Щукин бастаған бапкерлік штаб мына ойыншыларға сенім артты: Александр Бублик, Александр Шевченко, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко және Бейбіт Жұқаев.
Бәсекелер Songam Sport Town стадионында хард төсенішіндегі корттарда өтеді.
Дэвис кубогының іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады. Ойын үш сеттік сипатта болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында Заңғар Нұрланұлының жасөспірімдер арасында турнирді сәтті бастағанын жазған едік.
Александр Бублик әлемнің 1-ракеткасынан ұтылып қалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).