НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында елордада өтіп жатқан Forte 60 Women's ITF турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Ж.Құламбаева Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге бастапқы кездесуін қазақстандық Софья Чурсина - гонконгтық Нг Кван Юмен өткізді.
Тартысты өрбіген бірінші партияны Құламбаева мен Кубка 7:5 есебімен аяқтады. Олар екінші сетте де ойын тізгінін уысынан шығарған жоқ - 6:2.
Қазақстандық-польшалық жұп жартылай финалға шығу үшін өзбекстандықтар Нигина Абураимова - Ақгүл Аманмұрадовамен таласады.
Жүлде қоры 60 мың АҚШ долларына бағаланған жарыс 27 ақпанда мәреге жетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның жұптық сында Доха турнирін жеңіспен бастағанын, елорда турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).