Әйелдер арасында жұптық сында Юлия Путинцева мен Анна Данилина финал жолдамасын Тайпей өкілдері Эн Шуо Лиан және Су-вэй Хсиемен сарапқа салды. Аса тартысты өтіп, тай-брейкке дейін созылған ойында қарсыластар басым түсті. Есеп: 6-7 (3-7), 6-7 (5-7).
Осылайша, Анна мен Юлия Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Бұл теннистен Қазақстан командасының еншісіндегі 2-медаль. Осыған дейін Юлия Путинцева жекелей сында қолаға қол жеткізген.
Осыған дейін Данилина мен Путинцеваның жартылай финалға жолдама алғаны туралы жаздық.