Теннистен Италияда өтіп жатқан халықаралық турнирде Галина Воскобоева жарысты ерте аяқтады

АЛМАТЫ. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Италияның Палермо қаласында теннистен өтіп жатқан халықаралық турнирде Галина Воскобоева жарысты ерте аяқтады,

    деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Жүлде қоры 220 мың АҚШ долларын құрайтын бұл дүбірлі дода Әйелдердің теннис қауымдастығы туры ( WTA-Tour) сериясына кіреді. Онда ұлттық рейтингте екініші сатыда тұрған астаналық Галина Вскобоева алғашқы айналымда жекелей сында жарыс қожайыны Араван Резеден 2:6, 4:6 есебімен ұтылған болатын. Жұптық сайыста ол ресейлік Екатерина Макаровамен Польша спортшылары Клаудии Янс пен Алисия Росольскаяға  1:6, 6:3, 10:3 есебімен есе жіберді. Бұл  бәсекеде қазақстандықтардан екінші айналымға  ұлттық рейтингтің көшбасшысы  Ярослава Шведова ғана өтті. Астаналық бұл спортшының қарсыласы да  жарыс қожайындарының өкілі болған еді.   Натали Виеринді 6:3, 6:2 есебімен ұтқан  Я. Шведованың екінші айналымдағы  қарсыласы да  Альберто Брианти деген  италияндық  теннисші болып отыр.