Теннистен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында АҚШ-пен ойнайды
13:51, 12 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 16-21 қыркүйекте өтетін Билли Джин Кинг кубогы (командалық әлем чемпионаты) финалдық кезеңінің жеребесі тартылды.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық қыздар ширек финалда әлемнің 18 дүркін чемпионы Америка Құрама Штаттарының құрамасымен ойнайды.
Жұп жеңімпазы жартылай финалда Жапония не Ұлыбритания құрамасының қай жеңгенімен кездеседі.
Сондай-ақ ширек финалда Украина Испаниямен, өткен жылғы әлем чемпионы Италия Қытаймен шеберлік таластырады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан әйелдер құрамасы алғаш рет әлемдік рейтингіде 6-орынға көтерілгенін жазған болатынбыз.