Қазақстан құрамасы теннистен Билли Джин Кинг турнирінде жеңіске жетті

Фото: Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM — Аустралияның Брисбен қаласында Билли Джин Кинг кубогының іріктеу турнирі өтіп жатыр.

D тобында Қазақстан мен Аустралия командалары арасында матчта алғашқы болып кортқа Юлия Путинцева мен Майя Джойнт шықты. 

Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші әлемнің 23-ракеткасы болса, 18 жастағы қарсыласы 78-сатыда еді.

Ю.Путинцева М.Джойнтты 6:2, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Путинцева 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. М.Джойнт 1 эйспен ғана шектелді.

Енді келесі матчта Елена Рыбакина Кимберли Бирреллмен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның алдағы жарыста қазақстандықтардың қолдауы өте маңызды екендігі туралы айтқанын жазған болатынбыз.