Теннистен Қазақстан – Польша матчының жеребесі тартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада Билли Джин Кинг кубогінің (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан – Польша матчының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, бәсекені дүниежүзілік рейтингте 45-орында тұрған Юлия Путинцева мен әлемнің 19-ракеткасы Магда Линетт бастайды.
Бұл жұп 14 сәуір, жұма күні Астана уақытымен сағат 13.30-да кортқа шығады.
Содан кейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина мен рейтингте 253-сатыдағы Вероника Фальковскаға кезек келеді.
Сенбіге Елена Рыбакина – Магда Линетт, Юлия Путинцева – Вероника Фальковска және жұптық сындаға Анна Данилина/Гөзал Айнитдинова – Алисия Росольска/Вероника Фальковска кездесулері жоспарланған. Сенбі күнгі ойындар да 13.30-да басталады.
Жеңімпаз команда әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Президенттің Елена Рыбакинаны қабылдағанын жазған едік.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).