Теннистен Қазақстан ұлттық әйелдер құрамасы канадалықтармен күш сынасады
11:04, 20 Ақпан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Лондонда Федерация кубогының ІІ плей-офф кезеңі бойынша жеребе тасталды. Нәтижесінде, теннистен Қазақстан ұлттық әйелдер құрамасы Канадамен кездеседі. Матч Канадада 22-23 сәуірде өтеді. Бұл туралы ҚТФ сайты хабарлады.
Канада - Қазақстан кездесуінің жеңімпазы 2018 жылы ІІ Әлемдік топта, ал жеңілген команда аймақтың топтарда бақ сынайды. Жеңімпаз бес матчта анықталады.
Федерация кубогының ІІ Әлемдік тобының плей-офф жеребесі:
Қытайлық Тайпей - Италия.
Румыния - Ұлыбритания.
Сербия - Австралия.
Канада - Қазақстан.
Федерация кубогының Әлемдік тобының плей-офф жеребесі:
Франция - Испания.
Ресей - Бельгия.
Германия - Украина.
Словакия - Голландия.