Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Гонконгпен ойнайды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаты Азия/Тынық мұхит аймағы іріктеу турнирінің ширек финалында Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, бүгін қазақстандық жасөспірімдер D тобында Пәкстан құрамасын 2:0 есебімен ұтты.

Осылайша, өз тобында үш команданы да жеңген Қазақстан құрамасы ширек финалға бірінші орынмен жолдама алды.

Ертең қазақстандық жасөспірімдер жартылай финалға шығу үшін Гонконг командасымен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ӘЧ іріктеу кезеңінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Чехиядағы турнирді жеңіспен бастады.