Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионаты Азия/Тынық мұхит аймағы топтық сайысының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық құрама D тобында Индонезия, Шри-Ланка және Пәкістан командаларымен ойнайды.

Ертең Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы кездесуін Индонезиямен өткізеді.

Іріктеу матчтары 25-30 сәуір аралығында өтеді.

Аталған командалық жарыста ел намысын Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай және Даниэль Тазабеков қорғайды. Құрама капитаны - Сергей Квак.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Ыстанбұл турнирінің финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.