Хрусталь мен жылтыр тастан құйылған Кубок бұл күндерi Астанада өтiп жатқан дәстүрлi «ҚР Президентi Кубогы-2014» теннистен халықаралық турнирiнiң жеңiмпазына табысталады.
Кубок «Тур де Франс» веложарысына үшiншi жыл қатарынан хрусталь наградаларды жасап келе жатқан чехиялық «Lasvit» компаниясы шеберлерiнiң қолынан шықты.
Сабыржанның жұмысы 60 қатысушының арасынан үздiк деп танылды. Айта кетейiк, жарыс бүгiн басталды және 27 шiлдеге дейiн жалғасатын болады. Оның жалпы сыйақы қоры 225 мың долларды құрайды.