Кеше, 25 шілдеде біліктілік және негізгі кесте бойынша бірқатар кездесулер өткен болатын.
«Қатысушылардың саны өте көп. «Топ-100» тізімінен 2 мықты теннисші жігіттер қатысуға ниет танытқан. Тағы 5 қатысушы 200 үздік теннисшілердің қатарынан. Талас өте тартысты өтетін секілді. Қазақстан намысын 4 адам қорғайтын болады. Өкінішке орай, біздің команданың бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин жарақатына байланысты қатыса алмайды», - деп атап өтті Қазақстан теннис федерациясының қаржылық директоры Юрий Польский.
Оның айтуына қарағанда, «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен ҚР Президенті кубогінің сыйақы қоры 125 000 АҚШ долларына дейін жоғарылатылған. Олардың 100 мың доллар ерлер турниріне, 25 мың доллары әйелдерге үлестіріледі. Турнир жеңімпазы шамамен 13 мың АҚШ долларын иемденбек.
Айта кетейік, былтырғы турнирдің жүлде қоры 100 000 АҚШ доллары болған еді.
Турнир 31 шілдеде аяқталады. Бұл күндері, сонымен қатар, «AstanaMasters12&under PresidentsCup» балалар турнирі мен әуесқойлар арасындағы «AstanaOpen» жарысы өтеді.
Теннистен ҚР Президенті кубогы туринирі елімізде 1991 жылдан бері өткізіліп келеді және Қазақстанда ең беделді додалардың бірі болып саналады.