Теннистен Майами турнирі: Михаил Кукушкин екінші айналымға өтті

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 159-ракеткасы Михаил Кукушкин Майами ATP Masters 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Негізгі жарысқа іріктеу сайыстарынан қосылған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 42-ракеткасы, нидерландылық Ботик Ван де Зандшульппен күш сынасты.

Қарсыластар бұған дейін бір рет кездесіп, онда М.Кукушкин жеңген еді.

Бұл жолы Михаил 6:4, 6:4 есебімен басым түсті.

Бір сағат 51 минутқа созылған матч барысында М.Кукушкин эйс жасамағанымен, 12 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыласы 4 эйс, 1 брейкпен (12 брейк-пойнт) шектелді.

М.Кукушкин екінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, америкалық Тэйлор Фрицпен шеберлік байқасады. Т.Фриц жуырда Индиан-Уэллс мастерс турнирінде үздік шыққан еді.

Майамиде қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында бастапқы бәсекелерінде испаниялық Фелисиано Лопес – грекиялық Стефанос Циципастан 6:7 (2:7), 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Майами турнирінде Юлия Путинцеваның екінші айналымға шыққанын, қазақстандық жас теннисшінің Еуропа рейтингісінде 20 апта бойы көш бастап келе жатқанын жазған болатынбыз.