АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық үш теннисші Астанада өтіп жатқан Президент кубогы үшін челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дмитрий Попко Президент кубогындағы алғашқы кездесуін өткізді.
Ол түркиялық Корай Кирчиді 6:4, 4:6, 6:1 есебімен тізе бүктірді.
Д. Попко ширек финалға шығу үшін өзбекстандық Хумаюн Сұлтановпен таласады.
Президент кубогының өткен жылғы финалисі Денис Евсеев жаңазеландиялық Аджит Раиды ұтты - 6:4, 6:1. Оның келесі қарсыласы - Израиль өкілі Орель Кимхи.
Тағы бір қазақстандық, 19 жастағы Ислам Орынбасар әлемнің 616-ракеткасы, үндістандық Прджвал Девті ұтты - 6:4, 1:6, 6:3. Теннисшілер кортта екі сағаттан астам уақыт бойы ойнады.
Ислам жарыстың 2-ракеткасы, жаңазеландиялық Бенджамин Локпен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Гамбург жарысын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Анна Данилина Германиядағы жарыстың ширек финалына шықты.
Теннисші Лео Борг Қазақстанда бәрі ұнағанын айтты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).