деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Онда қазақстандық Андрей Глубев алғашқы айналымда аргентиналық Мартин Вассальо-Аргельоға 6:3, 3:6, 0:6 есебімен есе жіберді. Мартин енді екінші айналымда франциялық Жереми Шардимен кездеседі. Германияда бұл турнирде өткен аптада әйелдер арасында Зарина Дияс жеңімпаз атанған болатын. Онда ұлттық рейтингте үздік бестіктің қатарына кіретін алматылық Зарина Дияс ресейлік Анастасия Полторацкаяны, германиялық Таня Отсертагты, Анжелика Роешты, итальяндық Натали Виеринді және мажар Каталин Маросиді қапы қалдырған еді.
14:09, 16 Шілде 2009
Теннистен Штутгарт қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде Андрей Голубев алғашқы айналымда сүрінді
АЛМАТЫ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Германияның Штуткарт қаласында теннистен жүлде қоры 450 мың еуро болатын халықаралық турнир өтіп жатыр,