НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик елордада жас теннисшілердің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
-Сізге ең ыңғайсыз қарсылас кім?
-Сірә, Кэмерон Норри шығар.
-Қанша жасыңызда спорттық жолыңызды аяқтағыңыз келеді?
-35 жасымда деп ойлаймын.
-Осы кезге дейін ойнаған қарсыластарыңыздан ең мықтысы кім?
-Новак Джокович.
-Егер теннис болмағанда, қандай мамандықты таңдар едіңіз?
-Мен онда баскетболға барар едім.
-Кіммен ойнағыңыз келеді?
-Роджер Федерермен.
-Ол спорттық жолын тәмамдады, енді мүмкін емес қой.
-Бәлкім, бір аптаға болса да, оралар, сонда кездесудің сәті түсіп қалар.
Айта кеткен жөн, қазіргі кезде 24 жастағы Александр Бублик дүниежүзілік рейтингте 37-орында келеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Чарльстон турнирінің екінші айналымына шыққанын, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Аустралиямен ойнайтынын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).