Теннисті тастап кеткісі келетін сәт барлығында болады — Елена Рыбакина

Фото: Фото: ktf.kz
АСТАНА ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина БАҚ өкілдері қызықтырған сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Теннисті тастап, бас тартқысы келетін сәт барлығында болады. Мұндай ойлар әсіресе жеңілістен кейін мазалайды. Бірақ мен финалға шыққаннан кейін өте нәтижелі ойын болды. Жалпы мені отбасым үнемі қолдайды. Сонымен қатар достарым, командамның қолдауы бар. Мен олармен көп уақытты бірге өткіземін. Қандай нәтиже болмасын әрқашан қолдау бар. Жеңілістен құтылу мүмкін емес. Сіз үнемі жеңе алмайсыз, оған көніп жұмысты жалғастыру керек», - деді Елена Рыбакина елордада теннистен «Билли Джин Кинг» кубогіне орай өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, теннисші жарыстардан кейін қалыпқа келу және бос уақытын қалай өткізетіні туралы айтып берді.

«Қалыпқа келу стандартты түрде өтеді: жақсы ұйқы және дұрыс тамақтану. Негізі бос уақытым көп емес, болған жағдайда жақындарыммен, достарыммен өткізуге тырысамын. Сонымен қатар мүмкіндік болса, бір жерге шығып, тамашалаймын», - дейді ол.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны қабылдады.

Кездесу барысында теннисші Президентке Wimbledon-2022 кітабын сыйға тартқанын жазған едік.

Елена Рыбакина Мемлекет басшысының теннисшіге орамал мен сағат сыйлағанын айтты.