Теңіз кен орнында мұнай өндіру көлемі уақытша төмендеді – Энергетика министрлігі

АСТАНА.KAZINFORM - Энергетика министрлігі Теңіз кен орнындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Фото: Теңізшевройл

- 2026 жылдың 28 мамырында «Теңізшевройл» ЖШС өндірістік нысандарының бірінде өндірістік ақау болды. Бұл мұнай өндіруді уақытша төмендетуге әкелді. Қазір компания қажетті өндірістік шараларды қабылдап жатыр. Ал кен орнындағы өндіріс қалпына келтіру кезеңінде. Қызметкерлерге, қоғамға немесе қоршаған ортаға ешқандай қауіп төнген жоқ, - деді ҚР Энергетика министрі кеңесшісі және ресми өкіл Әсел Серікпаева.

Оның айтуынша, жағдай Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында.

Еске сала кетейік, қаңтар айында Теңізде электр генераторларына қатысты екі өрт тіркелді. Өрт тез арада сөндірілді, ешкім зардап шеккен жоқ.

«Теңізшевройл» ЖШС-дегі апаттан соң пропилен өндірісі тоқтады.