Тепличное ауылында бөгетті нығайту жұмыстары күшейтілген режимде жалғасып жатыр

Фото: Фото: ТЖМ

АСТАНА. KAZINFORM –  Қызылжар ауданына қарасты Тепличное ауылында бөгетті нығайту жұмыстары тәулік бойы, күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыс түнгі уақытта да тоқтамайды. Барлық шара халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тәуекелдерді азайтуға бағытталған.

Өзен деңгейіне және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр.

— Тепличное ауылында елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қорғаныс білігін нығайту бойынша алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Осы сағатта 38 мың қапшық төселді. Халықты эвакуациялау үшін ТЖМ 7 вахтовка және 3 автобусы қарастырылған. Өзен деңгейіне және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізіліп отыр, — делінген ТЖМ хабарламасында.

Айта кетелік СҚО-да Тепличное елді мекені маңында мыңнан аса адам түні бойы жұмыс істегені туралы жазған едік.