Жұмыс түнгі уақытта да тоқтамайды. Барлық шара халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тәуекелдерді азайтуға бағытталған.
Өзен деңгейіне және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр.
— Тепличное ауылында елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қорғаныс білігін нығайту бойынша алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Осы сағатта 38 мың қапшық төселді. Халықты эвакуациялау үшін ТЖМ 7 вахтовка және 3 автобусы қарастырылған. Өзен деңгейіне және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізіліп отыр, — делінген ТЖМ хабарламасында.
Айта кетелік СҚО-да Тепличное елді мекені маңында мыңнан аса адам түні бойы жұмыс істегені туралы жазған едік.