Ол аюдың аман қалғанын айтты. Оқиға орнына полиция және аң аулауды бақылау мекемесінің қызметкерлері шықты. Олар жыртқыш аңды, қанның ізін таппаған.
Норильск көлік прокуратурасы ғаламторда пайда болған видеоға қатысты тексеріс жүргізуде. Онда пойыздың аюды қаққаны бейнеленген. Бұл туралы Батыс-Сібір көлік прокурорының аға көмекшісі Оксана Горбунова хабарлады.
Алдын ала болжам бойынша, оқиға 4 желтоқсанда шамамен түнгі сағат 2-де Голиково бекетінің маңындағы "Норильский никель" компаниясының жолдарында болған.