«Теракт ұйымдастырамын» деген шымкенттік ұсталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте теракті туралы жалған ақпарат берген азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті түнгі сағат 00.15 шамасында «102» нөмеріне «мен теракт ұйымдастырамын» деп қоңырау шалған.

«Оқиға орнына келіп жеткен Шымкент қаласы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында телефон шалған күдікті азаматты ұстады. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,- делінген хабарламада.