Тереңөзек кентінің көшелерін жарықтандыру толық аяқталды
16:06, 24 Желтоқсан 2009
ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - «Жол картасы» бағдарламасы аясында Сырдария ауданының орталығы - Тереңөзек кентінің көшелерін жарықтандыру толық аяқталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарықтандыру жұмыстарына қаралған қаржы - 29 млн. 430 мың теңге түгелге жуық игерілді. Бұл игілікті істі жоғары деңгейде жүргізген «Қымбат и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аудан орталығындағы 8,2 шақырым көшеге желі тартып, тұрғындарды қуанышқа бөледі.