«Мен оппозиция басшысымен келісіп, екі тараптың да көңілінен шығатын шешім табуға тырысамын. Сол арқылы Еуропа Одағынан келісіммен шығуға тырысамыз», - деді Тереза Мэй. Премьер-министр Брексит уақытын 22 мамырға дейін шегеруді сұрайтынын айтты.
Сарапшылардың айтуынша, Тереза Мэйдің бұл мәлімдемесі Брексит стратегиясының өзгергенін көрсетеді. Дегенмен, бұл шешім мәселеге қалай әсер ететіні әлі белгісіз.