La Dernière Heure газеті өз сайтында мәлім еткендей, апат кортеждің алдындағы көліктің шұғыл тоқтау салдарынан болған. Соның салдарынан құрметті қарауылдың мотоциклшілері кортеждің алдына тоқтаған машинаға соқтығысқан.
Ұлыбритания мен Бельгия премьерлері Тереза Мэй мен Шарль Мишельдің кортежі Монсқа қарай жол тартқан. Онда Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 100 жыл толуына орай іс-шара өтіп жатыр.