Бұл шағын ұшақтың терезелерінің орнына дисплей орнатылған, олар ұшу аппаратының ішкі жағындағы камераларға қосылған. Соның арқасында жолаушылар ұшу кезіндегі ерекше көріністерді тұтастай тамашалай алады.
Сондай-ақ дисплей арқылы фильмдер мен бейнеклиптерді тамашалауға, ғаламтор желісіне қосылып, онлайн режимде келіссөздер жүргізуге болады. Кешке қарай бұл экрандар күннің батуын немесе адамның бойын босаңсытатын басқа да анимацияларды көрсете алады.
Сондай-ақ IXION ұшағының сыртқы жағында оның аккумуляторларын қуаттандыратын күн батареялары орнатылмақ. Айта кетейік, ұшақ жобасы International Yacht & Aviation Awards конкурсында басты жүлделердің бірін иеленді.
Бұдан бұрын Virgin Atlantic компаниясы да өзінің бірнеше әуе лайнерінің еденін жолаушылар ұшу кезінде жерді барынша тамашалай алуы үшін шыныдан құрастыруды жоспарлап отырғанын жеткізген еді, деп хабарлайды Novate.