Оның денесі Миннесотада өз үйіндегі шағын студиядан табылған. Жергілікті сақшылар марқұмның денесінен ешқандай зорлық-зомбылық белгілерін таппағанын айтады. Бұл оны біреу зорлықпен өлтірді деген нұсқаны да жоққа шығарады.
Ол 57 жасқа қараған шақта өмірден озды. Ажалының нақты неден болғаны әлі беймәлім.
2004 жылы әншінің есімі рок-н-роллдың Даңқ залына енген. Өмір бойғы әншілік мансабында оның 100 млн-нан астам жазбасы сатылған.