Тергеу басқармасы Ресейдегі ұшақ апатының екі себебін қарастыруда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдегі өңірлік тергеу басқармасының басшысы Оксана Коврижная қазіргі кезде Дондағы Ростовта Boeing жолаушылар ұшағының құлауының екі себебі қарастырылып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

«Қазіргі кезде Дондағы Ростовта болған әуе апатының екі негізгі себебі қарастырылып отыр: ауа райының қолайсыздығынан басқару қателігі немесе техникалық ақаулық», - деп нақтылады Коврижная.

Дубайдан бағыттаған Boeing 737-800 жолаушылар көлігі Дондағы Ростов әуежайында 19 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 3:40-та апатқа ұшыраған. ТЖМ-нің мәліметтерінше, апат салдарынан барлық 55 жолаушы мен экипаждың жеті мүшесі, барлығы 62 адам қаза тапты.